А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты


Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау


Ұлттық тестілеу орталығы жариялаған кестеге сәйкес, мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 13–20 шілде аралығында (қоса алғанда) жүргізіледі.

Құжаттарды келесі тәсілдердің бірі арқылы тапсыруға болады:

  • жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы;
  • виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы;
  • kzэлектрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификаты;
  • көлемі 3×4фотосурет;
  • білім туралы құжат (жалпы орта білім туралы аттестат немесе колледж дипломы).

Жеңілдіктерге үміткер талапкерлер тиісті мәртебесін растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.

 

Жоғары оқу орындарына қабылдау 2026 жылғы 25 тамызға дейін аяқталады.

Мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу және қажетті құжаттар тізбесі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда университеттің қабылдау комиссиясына хабарласуыңызды сұраймыз.

 

 

МАҢЫЗДЫ!

Жергілікті атқарушы органның (ЖАО) гранттары және ректор гранты конкурсына өтініш қабылдау мерзімдері туралы ақпарат институттың ресми сайтында және ресми әлеуметтік желілердегі парақшаларында қосымша жарияланады.


Прокрутить вверх