А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

А.Қ. ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫНА ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ


  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • жеке басын куәландыратын құжат (талапкердің, заңды өкілінің немесе сенімхат болған жағдайда сенім білдірілген тұлғаның) (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • туу туралы куәлік (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін) (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • көлемі 3×4 смболатын 4 фотосурет;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/унысанындағы медициналық анықтама (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • флюорографиялық зерттеу нәтижесі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 063/унысанындағы медициналық анықтама (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 2026 жылғы ҰБТ сертификаты;
  • ведомостан үзінді (арнайы дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша түсушілер үшін) (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (бар болған жағдайда);
  • артықшылықты құқықты, квотаны немесе жеңілдікті растайтын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • әскери билеттің көшірмесі (мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін) (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • ақылы негізде оқуға түсушілер үшін оқу ақысының төленгені туралы түбіртек (көшірмесі);
  • 18 жасқа толған талапкердің немесе оның заңды өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ).

Ескерту:

  • Шетел тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тіліне нотариат куәландырған аудармасымен бірге ұсынылады.
  • Тіркеу үшін құжаттардың PDF форматындағыэлектрондық көшірмелері қажет.


ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУҒА ҚАБЫЛДАУ/АУЫСТЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ


Дуальды оқытуға қатысу үшін студенттерді іріктеу әңгімелесу нәтижелері және негізгі құжаттар топтамасына қоса төмендегі қосымша құжаттарды ұсыну негізінде жүзеге асырылады:

  1. Талапкердің/студенттің жұмыс орнынан анықтама.
  2. Білім беру ұйымымен жасалған үшжақты келісімшарт.
  3. Талапкермен/студентпен бір ұйымда жұмыс істейтін тәлімгердің анықтамасы.
  4. Тәлімгердің біліктілік санаты берілгенін растайтын куәлігінің көшірмесі (еңбек өтілі – кемінде 5 жыл).


ЕАГИ-ГЕ ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫН ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ


1. Білім туралы құжаттар

  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқасы және қазақ немесе орыс тіліне нотариат куәландырған аудармасының көшірмесі);
  • Қазақстан Республикасында білім туралы құжатты тану (нострификациялау) туралы құжат (Қазақстанға келгеннен кейін немесе белгіленген мерзімде Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) рәсімделеді).

2. Жеке басын куәландыратын құжаттар

  • шетелдік паспорт (күтілетін оқуға түсу/оқу басталу күнінен бастап кемінде 5 жыл жарамды болуы тиіс) (түпнұсқасы және қазақ немесе орыс тіліне нотариат куәландырған аудармасының көшірмесі);
  • туу туралы куәлік (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін) (түпнұсқасы және қазақ немесе орыс тіліне нотариат куәландырған аудармасының көшірмесі);
  • заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (қажет болған жағдайда);
  • қандас мәртебесінрастайтын анықтама (елге байланысты апостиль қойылған немесе консулдық заңдастырудан өткен).

3. Медициналық құжаттар

  • 075/унысанындағы медициналық анықтама (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • 063/унысанындағы егу картасы (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • флюорографиялық зерттеу нәтижесі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • АИТВ/ЖИТС жоқтығы туралы анықтама (HIV test certificate);
  • жалпы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (қажет болған жағдайда, шыққан елдің талаптарына сәйкес).

4. Қосымша құжаттар

  • көлемі 3×4 смболатын 4 фотосурет;
  • азаматтығы бар елден берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама(апостильмен немесе консулдық заңдастырумен және нотариат куәландырған аудармасымен);
  • ҰБТ сертификаты(қандастар үшін);
  • оқу ақысының төленгені туралы түбіртек (ақылы бөлімге түсушілер үшін);
  • электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)(онлайн құжат тапсыру талап етілген жағдайда).

Маңызды:

  • Барлық шетелдік құжаттар қазақ немесе орыс тілінеміндетті түрде нотариат куәландырған аудармамен ұсынылуы тиіс.
  • Құжаттар берілген еліне байланысты апостиль қойылуы немесе консулдық заңдастырудан өтуіқажет.
  • Қажет болған жағдайда институт құжаттардың түпнұсқалығын растау үшін қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.


Прокрутить вверх