Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау

23 қыркүйек күні «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1 және 2 курс студенттерімен куратор А.О. Қалияқбар кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында білім алушылар Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы Жолдауын талқылады.

Кездесу барысында болашақ қаржыгерлер үшін маңызды бағыттарға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда: инвестициялық ахуалды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, экономиканы цифрландыру, елдің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі қаржыгерлердің рөлі, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен қарастырылды.

Ф-24-01 тобының студенті Надирбаева Айжан Жолдаудың қаржы саласына қатысты негізгі басымдықтары бойынша баяндама жасап, мазмұнды талдау ұсынды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх