Ғалымның өмірбаяны мен мұрасына арналған жиынға Венгриядан келген түркітанушы ғалымдар Давид Шомфаи Қара мен Иштван Шанта қатысып, өз зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Шараға танымал қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, дипломаттар және түркітанушы-ғалымдармен қатар институтымыздың қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.М. Қоқышева, академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар мәселелері жөніндегі үйлестіруші, ғылым магистрі А.Т. Сандыбаева және қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. А.Е. Алимбаев қатысты.
[bvi text="Версия для слабовидящих"]















