«Педагогика» кафедрасының «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология», «Тарих» мамандықтары бойынша 10 сәуірде өндірістік практиканың қорытынды конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға ЕАГИ карьерасы мен кәсіби тәжірибелердің үйлестірушісі Оспанова А.Т, № 32 мектеп мұғалімі Күлазия Тұрғынқызы және практика жетекшілері қатысты. Конференция барысында студенттер өзінің атқарған іс тәжірибелік жұмыстарымен бөлісіп, ойларын ортаға салды.