МКҚК №32 «Балдәурен» балабақшасының педагогтері Г.С.Тілегенова, Т.Д. Қосыбаева «Мектеп жасына дейінгі балаларды патриоттыққа тәрбиелеу», «Балалардың қазақ халқының мәдениетіне қызығушылығын арттыру» тақырыптарының маңызын ашып, іс–тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие беру, тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, салт–дәстүрін бойына сіңірудің түрлі жолдарына тоқталды. Іс–шара студенттердің Желтоқсан оқиғасына арналған әуезді әнімен қорытындыланды.
[bvi text="Версия для слабовидящих"]











