2021 жылдың 14 сәуірінде экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының эдвайзерлері доцент Б.Б. Мажитова және аға оқытушы, магистр Ж.Д. Дәулетханова «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2-4 курс студенттері үшін ZOOM платформасында кеңес беруді өткізді. Студенттерге 2021-2022 оқу жылына арналған жеке оқу жоспарларын толтыру бойынша ақпарат берілді, элективті пәндерді таңдау және траекториялар бойынша түсініктемелер берілді.