Сөйлесу клубының жетекшісі – PhD, ЕАГИ шетел тілдері кафедрасының доценті Ж.Т. Оспанова неміс тілін үйреніп жүрген студенттерге грамматика, лексика және фонетика бойынша түрлі бағдарламалар, қосымшалар, онлайн-тренажерлерге сілтемелерді ұсынды, Гете-институт сайтында жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстырды. Тұсаукесер барысында студенттер заманауи vocaroo және speechnotes қосымшаларының көмегімен өздерінің айтылымдарын машықтандырды, Märchenstunde жобасы туралы білді, оның аясында апта сайын Гете-Институттың инстаграмм тікелей эфирінде Йоханна Героштың орындауындағы неміс тіліндегі ертегілерді тыңдау ұйымдастырылды.
[bvi text="Версия для слабовидящих"]







