Дөңгелек үстелге қатысушылардың географиясы ауқымды болды. Қазақстанның түрлі қалаларынан: Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Қызылорда, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты шетелдік серіктес ЖОО өкілдері мен жұмыс берушілер баяндама жасады.
Еуразия гуманитарлық институтының атынан психология ғылымдарының докторы, педагогика кафедрасының профессоры Т.А. Абдрашитова «ПАВ-тәуелділерге консультация берудегі мағыналық тәсіл» тақырыбында баяндама жасады.



