2023 жылғы 15 ақпанда заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. А.Э. Тортаева 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын түсіндіру бойынша ЮК-20-01 академиялық тобында (3-курс, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы) кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында куратор отбасылық құндылықтардың дамуы, гендерлік әділеттілік және еліміздегі теңдік туралы айтып берді. Студенттер сонымен қатар отбасының қоғамдағы рөлін, ата-аналардың балалар алдындағы міндеттерін, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтары мен заңды мүдделерін арттыру мәселелерін талқылады.