Экскурсия аясында студенттер Көгілдір шығанақ, Жұмақтас, Бөлектау, Бурабай және Үлкен Шабақты көліне саяхаттады. Абылайхан алаңында көздің жауын алатын қазақтың ұлттық киімдері – шапан мен бөрік киіп, фотосессия жасады. Сапар соңында қонақтар Бурабай мультимедиялық интерактивті ультразаманауи орталық-кешенінен керемет әсер алып шықты.













