А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Шокатова Айсулу Кажымукановна

Лауазымы

  • А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының Педагогика және тарих кафедрасының аға оқытушысы (2019 жылдан).

 

Академиялық дәрежесі

  • PhD докторантурасы, «Тарих» мамандығы (2013–2016).

 

Зерттеу бағыттары / ғылыми қызығушылықтары

  • Қазақстан және дүниежүзі тарихы; тарихнама; археология; Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы; ортағасырлық Еуропа; түркі әлемі мен Еуропа арасындағы тарихи-мәдени байланыстар.

 

Оқытатын пәндері

  • Қазақстан тарихы; тарихнама; археология; Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы.

 

Білімі

  • 2013–2016 – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Тарих» мамандығы, PhD докторантурасы.
  • 2007–2009 – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Тарих» мамандығы, магистратура.
  • 2002–2006 – М.О. Әуезов атындағы Семей университеті, «Тарих және география» мамандығы, бакалавриат.

 

Еңбек өтілі

  • 2019 жылдан – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, аға оқытушы.
  • 2010–2012 және кейінгі кезең – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, оқытушы/аға оқытушы.
  • 2009–2010 – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, педагог-ассистент.

 

Біліктілікті арттыру (соңғы 5 жыл)

  • 2025 – «ЖОО-дағы инклюзивті білім беру», 72 сағат.
  • 2025 – «Әлеуметтану және дінтануды оқытудағы заманауи тенденциялар», 72 сағат.
  • 2025 – «Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау әдістері».
  • 2025 – «Тарих, қосалқы тарихи пәндер және этнология бағыты бойынша ЖОО оқытушысының пәндік құзыреттілігін дамыту», 72 сағат.
  • 2025 – «Білім беру саласында жасанды интеллектті қолдану», 72 сағат.
  • 2024 – ITE Model Implementation and Strengthening of its Content, 160 академиялық сағат, Nazarbayev University / Häme University of Applied Sciences.
  • 2024 – «Жоғары оқу орнында кәсіптік бағдарланған оқытудың заманауи білім беру технологиялары», 72 сағат.
  • 2023 – халықаралық онлайн-тағылымдама «Educational spaces: international approaches and sustainable solutions for creating a prosperous educational environment».
  • 2022 – «Тренинг жүйесіндегі оқыту», 72 сағат.

 

Ғылыми жарияланымдар (соңғы 5 жыл)

  1. 2026 – «Еуропа халықтары мен Түркі әлемі арасында діни, мәдени және өркениеттік диалогтың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі» // Turkic Studies Journal, 1 (2026), 33–57.
  2. 2025 – «Түріктердің Константинопольді алуының саяси, тарихи және өркениеттік маңызы (Батыс деректері бойынша) » // Gumilyov Journal of History, №3, т.152, 7–28.
  3. 2025 – «Солтүстік Қазақстандағы халық ағарту ісінің қалыптасуы мен даму тарихы (ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басы) » // БҚИТУ Хабаршысы, №4 (36), 23–39.
  4. 2024 – «Терісаққан–Есіл өзендері алқабындағы ескерткіштерге жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері» // Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы, №1(146), 45–66.
  5. 2023 – «Каролинг ренессансының батыс өркениеті тарихындағы рөлі мен маңызы» // Құсайынов оқулары, 227–230.
Прокрутить вверх