Оқытатын пәндері: Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы, қылмыстық-процестік құжаттарды құрастыру бойынша практикум, тергеу әрекеттері, қылмыстық-атқару құқығы, қылмыстық процесс міндеттерін шешуді тактикалық-криминалистикалық қамтамасыз ету.
Білімі:
2004 ж. – Қазақ гуманитарлық-заң университеті.
Кәсіби біліктілігі: заңгер.
Жұмыс тәжірибесі:
- 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін – кафедраның аға оқытушысы.
- 2004–2005 жж. – ҚазГЗУ колледжі.
Біліктілікті арттыру:
- 2021 ж. (ақпан) – «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін саралау процесінде қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы қолдану мәселелері» курсы (72 сағ.) – «Expert Seven Start» білім беру технологиялары орталығы.
- 2021 ж. (наурыз) – «Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесі дамуының қазіргі кезеңіндегі құқықтың процестік салаларын реформалау процесінің өзекті мәселелері» курсы (72 сағ.) – «Expert Seven Start» білім беру технологиялары орталығы.
- 2024 ж. (ақпан) – «Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың жекелеген қылмыстық-құқықтық және процестік мәселелері» біліктілікті арттыру курсы (72 сағ.) – «ExpertSevenStart» білім беру технологиялары орталығы.
- 2025 ж. (қаңтар) – «Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесі дамуының қазіргі кезеңіндегі құқықтың процестік салаларын реформалаудың өзекті мәселелері» біліктілікті арттыру курсы (72 сағ.) – «ExpertSevenStart» білім беру технологиялары орталығы.
- 2025 ж. (қаңтар) – «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін тергеп-тексерудің тактикалық және процестік ерекшеліктері» біліктілікті арттыру курсы (72 сағ.) – «ExpertSevenStart» білім беру технологиялары орталығы.
- 2025 ж. (ақпан) – «Адамды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындаудың кейбір мәселелері» біліктілікті арттыру курсы (72 сағ.) – «ExpertSevenStart» білім беру технологиялары орталығы.
- 2025 ж. (наурыз) – «Білім берудегі жасанды интеллект» біліктілікті арттыру курсы (72 сағ.) – Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті КеАҚ.
- 2025 ж. (сәуір) – «Жоғары мектептегі инклюзивті білім беру: теория және практика» біліктілікті арттыру курсы (72 сағ.) – «Инновациялық психология және менеджмент академиясы» ЖШС.
- 2025 ж. (қазан) – «Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау әдістері: білімді бағалаудан оқу нәтижелерін бағалауға дейін» біліктілікті арттыру курсы (80 сағ.) – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «ЕАГИ-Білім» үздіксіз білім беру орталығы.
- 2025 ж. (қараша) – «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды қарау кезінде әкімшілік және қылмыстық іс жүргізудегі адвокат» біліктілікті арттыру курсы (72 сағ.) – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «ЕАГИ-Білім» үздіксіз білім беру орталығы.
- 2026 ж. (маусым) – «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» сертификаты (72 сағ.) – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «ЕАГИ-Білім» үздіксіз білім беру орталығы.
Марапаттары мен сыйлықтары:
- 2011 ж. – «Педагог-зерттеуші» атағы. «Қазақ білім академиясы» Қазақстан Республикасы ғалымдары мен педагогтерінің қоғамдық бірлестігі.
- 2018 ж. (қыркүйек) – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы.
- 2018 ж. (желтоқсан) – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы.
- 2021 ж. – А. Байтұрсынов атындағы күміс медаль. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы.
- 2025 ж. – «ЕАГИ-ге 30 жыл» медалі.
Қосымша ақпарат:
- 2007–2019 жж. – № 41, 80 және 14 сайлау учаскелері комиссияларының мүшесі және төрағасы.
- 2007–2014 жж. – ЕАГИ қабылдау комиссиясының техникалық және жауапты хатшысы.