Оқытатын пәндері: криминалистика, сот экспертологиясы, сот медицинасы және психиатриясы, қылмыстық-процестік құжаттарды құрастыру бойынша практикум, сот-баллистикалық сараптама.
Білімі:
- 2009 ж. – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Кәсіби біліктілігі: заңгер.
- 2011 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Кәсіби біліктілігі: заң ғылымдарының магистрі.
- 2019 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы.
Кәсіби біліктілігі: 6D030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша PhD докторы.
Жұмыс тәжірибесі:
- 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы.
- 2011–2016 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.
Біліктілікті арттыру:
- 2021 ж. (желтоқсан) – «Халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын әзірлеу технологиялары мен әдістері» тақырыбындағы оқыту семинары, «Dialog Group» LLC, Франция.
- 2023 ж. (қараша) – білім беру жүйесі қызметкерлеріне арналған «Педагогикалық өлшемдер әдістемесінің негіздері» біліктілікті арттыру семинары (72 сағ.).
- 2024 ж. (қаңтар) – «Сот экспертологиясының кейбір мәселелері» курсы, «ExpertSevenStart білім беру технологиялары орталығы» ЖШС (72 сағ.), Астана қ.
- 2024 ж. (қараша) – «Еуропаның жетекші университеттеріндегі оқытудың заманауи әдістемелері: тәжірибе және инновациялар» курсы, Германия (Дюссельдорф, Кёльн, Дортмунд, Хаген және Ахен қалалары), Нидерланд (Твенте университеті) және Франция.
- 2025 ж. (қаңтар) – «Жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім беру» курсы, «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ Қосымша білім беру институты (72 сағ.), Павлодар қ.
- 2025 ж. (қаңтар) – «Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесі дамуының қазіргі кезеңіндегі құқықтың процестік салаларын реформалаудың өзекті мәселелері» курсы, «ExpertSevenStart білім беру технологиялары орталығы» ЖШС (72 сағ.), Астана қ.
- 2025 ж. (қаңтар) – «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін тергеп-тексерудің тактикалық және процестік ерекшеліктері» курсы, «ExpertSevenStart білім беру технологиялары орталығы» ЖШС (72 сағ.), Астана қ.
- 2025 ж. (маусым) – Шанхай саяси ғылымдар және құқық университеті жанындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының сертификаты.
- 2025 ж. (қараша) – «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды қарау кезінде әкімшілік және қылмыстық іс жүргізудегі адвокат» курсы, «ЕАГИ-БІЛІМ» үздіксіз білім беру орталығы (72 сағ.), Астана қ.
- 2025 ж. (қараша) – «Ғылым мен білім берудегі жасанды интеллект» курсы, «ЕАГИ-БІЛІМ» үздіксіз білім беру орталығы (72 сағ.), Астана қ.
- 2025 ж. (желтоқсан) – «Университеттің тәуекелдерді басқару жүйесінде кәсіби құзыреттерді қалыптастыру және тәуекелге бағдарланған ойлауды дамыту» біліктілікті арттыру курсы, сертификат (72 сағ.).
- 2026 ж. (маусым) – «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» сертификаты (72 сағ.), А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «ЕАГИ-Білім» үздіксіз білім беру орталығы.
Кәсіби ұйымдарға мүшелігі:
- Алматы қаласындағы «PSYCHOLOGY HELP» академиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.
Марапаттары мен сыйлықтары:
- 2019 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Заң факультетінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалі.
- 2020 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы.
- 2026 ж. – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасы.
- 2026 ж. – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының дамуына қосқан үлесі үшін медаль.
Жарияланымдары мен презентациялары:
- Қылмыстық процесте медиация институтын қолданудың кейбір сұрақтары // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Құқық сериясы. – 2023. – № 1 (142). – 138–149-бб.
- Жануарларға қатыгездік көрсету тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көрсеткіші ретінде // Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының ғылыми еңбектері. – 2023. – № 3 (76). – 135–142-бб.
- Кәсіптік тәуекел сыныбы мен экономикалық қызмет түріне байланысты профилактикалық және оңалту іс-шараларын қаржыландыру қажеттілігін айқындаудың құқықтық негіздері // Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Заң сериясы. – 2023. – № 3 (107). – 62–69-бб.
- Қылмыстық іс жүргізуде үйқамақ және күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың кейбір мәселелері // Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы. – 2023. – № 4 (112). – 66–75-бб.
- Қылмыстарды тергеп-тексеруді цифрландырудың құқықтық және теориялық негіздері // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Құқық сериясы. – 2023. – 145-том, № 4. – 73–82-бб.
- 2025–2028 жылдарға арналған «Медиациялық рәсімдердің көмегімен сотқа дейінгі іс жүргізуде дауларды (жанжалдарды) реттеудің балама тәсілдерін дамыту және қолдану перспективалары» бастамашыл ғылыми жобасының жетекшісі.
Қосымша ақпарат:
- Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Хабаршы» журналының ККСОН рецензенті.
- 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі.