Оқытатын пәндері:
қылмыстық-процестік құқық, криминалистика, криминалистикалық трасологияның ғылыми-практикалық негіздері, криминалистика бойынша практикум, сот-баллистикалық сараптама.
Білімі:
- 1998 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы заң институты.
Кәсіби біліктілігі: заңгер.
Жұмыс тәжірибесі:
- 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – кафедра доценті.
- 2000–2001 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қылмыстық құқық және процесс кафедрасының оқытушысы.
- 2001–2003 жж. – «Әділет» Жоғары құқық мектебі Заң академиясының аға оқытушысы.
- 2002 жылдан бастап – Еуразия гуманитарлық институтының аға оқытушысы, доценті.
- 1998 ж. – Ақмола облысы Ішкі істер басқармасының тергеушісі.
- 1998–2000 жж. – Ақмола агротехникалық лицейі директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары.
Біліктілікті арттыру:
- 2024 ж. (ақпан) – «Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың жекелеген қылмыстық-құқықтық және процестік мәселелері» біліктілікті арттыру курсы, «ExpertSevenStart» білім беру технологиялары орталығы, Астана қ.
- 2025 ж. (қаңтар) – «Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесі дамуының қазіргі кезеңіндегі құқықтың процестік салаларын реформалаудың өзекті мәселелері» біліктілікті арттыру курсы, «ExpertSevenStart» білім беру технологиялары орталығы.
- 2025 ж. (қаңтар) – «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін тергеп-тексерудің тактикалық және процестік ерекшеліктері» біліктілікті арттыру курсы, «ExpertSevenStart» білім беру технологиялары орталығы, Астана қ.
- 2025 ж. (ақпан) – «Адамды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындаудың кейбір мәселелері» біліктілікті арттыру курсы, «ExpertSevenStart» білім беру технологиялары орталығы, Астана қ.
- 2025 ж. (наурыз) – «Білім берудегі жасанды интеллект» біліктілікті арттыру курсы, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті КеАҚ.
- 2025 ж. (сәуір) – «Жоғары мектептегі инклюзивті білім беру: теория және практика» біліктілікті арттыру курсы, «Инновациялық психология және менеджмент академиясы» ЖШС, Павлодар қ.
- 2025 ж. (қараша) – «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды қарау кезінде әкімшілік және қылмыстық іс жүргізудегі адвокат» біліктілікті арттыру курсы (72 сағ.), «ЕАГИ-Білім» үздіксіз білім беру орталығы, Астана қ.
- 2026 ж. (ақпан) – «Студенттің оқу жетістіктерін бағалау әдістері» біліктілікті арттыру курсы (80 сағ.), «ЕАГИ-Білім» үздіксіз білім беру орталығы, Астана қ.
- 2026 ж. (маусым) – «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» сертификаты (72 сағ.), А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «ЕАГИ-Білім» үздіксіз білім беру орталығы.
Марапаттары мен сыйлықтары:
- 2007 ж. – Қазақ білім академиясының «Педагог-зерттеуші» төсбелгісі.
- 2010 ж. – «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі.
- 2009 және 2013 жж. – Астана қаласы Білім басқармасының Құрмет грамоталары.
- 2015 ж. – А. Байтұрсынов атындағы күміс медаль.
- 2017 ж. – «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі.
- 2019 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы.
- 2025 ж. – «Үздік педагог» медалі.
- 2026 ж. – «ЕАГИ-ге 30 жыл» медалі.
Жарияланымдары мен презентациялары:
- Балтабаев К.Ж., Дрокин Ю.Н., Татиков Р. Қазақстан заңнамасы бойынша бас бостандығынан айыру жазасын орындауды ізгілендірудің өзекті мәселелері: халықаралық салыстырмалы талдау // Social & Legal Studios. – 2025. – 8-том, № 1. – 20–32-бб. – DOI: 10.32518/sals1.2025.20.
- Дәурембеков Е.К., Дрокин Ю.Н., Тілеухан Р.К. Сотқа дейінгі өндірістегі дауды (жанжалды) реттеу саласында медиативтік рәсімдерді қолданудың халықаралық тәжірибесі // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Құқық сериясы / Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Law Series. – 2025. – № 3 (152). – 121–133-бб. – DOI: 10.32523/2616-6844-2025-152-3-121-133.