Оқытатын пәндері: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы.
Білімі:
- 1990 ж. – Целиноград ауыл шаруашылығы институты, инженерлік-педагогикалық факультет.
- 2000 ж. – «Әділет» Жоғары құқық мектебі Заң академиясы.
- Кәсіби біліктілігі: заңгер.
- 2013 ж. – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша магистрлік диссертация қорғады.
Кәсіби біліктілігі: заңгер.
Жұмыс тәжірибесі:
- 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы.
- 1990–1999 жж. – еңбекті қорғау кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы.
- 1999–2002 жж. – «Әділет» Жоғары құқық мектебінің менеджері.
- 2002–2003 жж. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қылмыстық құқық және қылмыстық-процестік құқық кафедрасының аға оқытушысы.
- 2003–2004 жж. – Д.А. Қонаев атындағы университет директорының орынбасары.
Біліктілікті арттыру:
- 2023 ж. – «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың инновациялық технологиялары» сертификаты (72 сағ.), Алматы қ.
- 2023 ж. – «Құқықтық реттеу объектісі ретіндегі цифрлық активтер» сертификаты, Мәскеу қ.
- 2023 ж. – «Ғылыми қызметке арналған Web of Science Core Collection мүмкіндіктері» сертификаты, Алматы қ.
- 2023 ж. – «Заңгерлерді даярлаудың өзекті психологиялық мәселелері» сертификаты, Алматы қ.
- 2023 ж. – «XV республикалық пәндік олимпиадаға команда жетекшісі ретінде қатысқаны үшін» сертификаты, Алматы қ.
- 2024 ж. – «Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың жекелеген қылмыстық-құқықтық және процестік мәселелері» курсы, «EXPERT SEVEN START» білім беру технологиялары орталығы.
- 2025 ж. – «Жоғары оқу орнындағы инклюзивті білім беру» сертификаты, «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ Қосымша білім беру институты (72 сағ.), Астана қ.
- 2025 ж. – «Қазақстан Республикасының қазіргі қылмыстық-құқықтық саясатының өзекті мәселелері» сертификаты, «ExpertSevenStart білім беру технологиялары орталығы» ЖШС (72 сағ.), Астана қ.
- 2025 ж. – «Адамды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындаудың кейбір мәселелері» сертификаты, «ExpertSevenStart білім беру технологиялары орталығы» ЖШС (72 сағ.), Астана қ.
- 2025 ж. – «Білім беру саласында жасанды интеллектіні пайдалану» сертификаты, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «ЕАГИ-Білім» үздіксіз білім беру орталығы (72 сағ.), Астана қ.
- 2026 ж. – «Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау әдістері» сертификаты, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «ЕАГИ-Білім» үздіксіз білім беру орталығы (80 сағ.), Астана қ.
- 2026 ж. – «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» сертификаты, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «ЕАГИ-Білім» үздіксіз білім беру орталығы (72 сағ.), Астана қ.
Марапаттары мен сыйлықтары:
- 2015 ж. – Қазақ білім академиясының «Педагог-новатор» төсбелгісі.
- 2021 ж. – А. Байтұрсынов атындағы күміс медаль, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы.
- 2025 ж. – «ЕАГИ-ге 30 жыл» күміс медалі.
Жарияланымдары мен презентациялары:
- Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім): «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы. – Астана: «ҰҒТО» АҚ Астана филиалы, 2012. – 382 б.
- Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім): «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы. – Астана: «ҰҒТО» АҚ Астана филиалы, 2012. – 495 б.
- «Жаза тағайындаудың жалпы негіздері мен қағидаларының арақатынасын сақтаудың маңызы» // Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Астана: Еуразия гуманитарлық институты, 2015.
- «Сот билігінің тәуелсіздігін нығайтудағы алқабилер сотының рөлі» // Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. – Астана, 2015.
- «Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері» // Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция материалдарының жинағы. – Нұр-Сұлтан, 2021.
- «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 136-бабы — “Баланы ауыстырудың” қылмыстық-құқықтық сипаттамасы» // «Ғылым және жаңа ұрпақ – 2023» студенттер мен магистранттардың XXV республикалық ғылыми конференциясы. – Астана: ЕАГИ, 2023.
- «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету» // «Құсайынов оқулары: XXI ғасырдағы ғылым және білім: үрдістері мен перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы материалдарының жинағы. – Астана: ЕАГИ, 2025.