Кездесу барысында жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кәсіби өсу мүмкіндіктері мен «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасы таныстырылды.
Аталған жобаның негізгі мақсаты – жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру, практикалық тәжірибе жинақтауға және болашақ мансабын мемлекеттік қызметте бастауға мүмкіндік беру.







