Аталған іс-шара «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттеріне процесс барысында сот жұмысымен, прокурор мен сотталушының қорғаушыларының іс-әрекеттерімен танысуға мүмкіндік берді. Онлайн сот талқылауының форматы процедураны нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік берді, бұл сот жүйесінің құқықтық сауаттылығы мен ашықтығын арттырудағы маңызды қадам болды. Сондай-ақ, мұндай іс-шараларға қатысу болашақ мамандардың қоғамдық тәртіп пен әділеттілікті қамтамасыз етудегі сот төрелігінің рөліне қатысты пікірін қалыптастырады.
[bvi text="Версия для слабовидящих"]









