А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Алғыс айту күніне арналған кураторлық сағат өтті

2026 жылғы 3 наурызда ҚЭТ-24-01 және Қ-23-01 академиялық топтарында 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай кураторлық сағат ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларды сыйластыққа, ризашылық білдіруге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен татулық құндылықтарын насихаттау болды.

Кураторлық сағат барысында студенттер тақырыпқа сай дайындалған анимациялық бейнеролик пен мазмұнды презентация арқылы мерекенің тарихи және тәрбиелік мәнімен танысты. Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, алғыс айту мен ризашылық білдірудің адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар шетел мемлекеттеріндегі мерекелік дәстүрлерге шолу жасалып, қызықты ақпараттар ұсынылды.

Іс-шараның практикалық бөлімінде студенттер бір-біріне арнап «Алғыс хаттар» жазып, ізгі тілектерін білдірді. Кейбір білім алушылар постер қорғап, шығармашылық жұмыстарын таныстырды. Бұл бөлім қатысушылардың белсенділігін арттырып, топ ішіндегі өзара құрмет пен достық қарым-қатынастың нығаюына ықпал етті.

Прокрутить вверх