А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Мемлекеттік білім беру гранттарын пайдалануға байланысты мәселелер

2026 жылдың 7 сәуірінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының бітіруші курс студенттерімен «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік білім беру грантын өтеу мәселелері» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуді студенттер мен ұйым өкілдері арасында ашық диалог алаңын қамтамасыз еткен Карьера және дуальды оқыту орталығы ұйымдастырды.
Спикерлер – Серікқали Ақзира Серікқалиқызы және Сапаралина Мирана Бауыржанқызы – өзекті ақпарат ұсынып, грант бойынша міндеттемелерді жан-жақты түсіндірді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, алдағы қадамдары мен жауапкершіліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Прокрутить вверх