А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

«Педагог-ақынның өнегелі жолы: тәлім мен тағылым» атты ғылыми семинар

2026 жылғы 16 сәуір күні А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының кітапханасында Ұлттық кітап күнінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы А.Қ. Нұрбанованың ұйымдастыруымен ақын, педагог, еңбек ардагері, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, ұлағатты ұстаз Ақкүлше Ібниқызы Ибраеваның шығармашылығына арналған «Педагог-ақынның өнегелі жолы: тәлім мен тағылым» атты ғылыми семинар өтті. Семинар барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылығы, педагогикалық қызметінің маңыздылығы кеңінен таныстырылды. Іс-шараға А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Ескалиев Самат Амангелдіұлы мен заң пәндері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Қалдыбаев Кайырбек Серікбайұлы қатысып, сөз сөйледі. Семинарға қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының студенттері қатысты. Олар өздерін қызықтыратын мазмұнды сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Ғылыми семинар студенттердің шығармашылық қабілеттері мен олардың ғылыми ізденіске деген қызығушылығын арттырды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

Прокрутить вверх