Сонымен қатар педагогикалық мамандықтардың қоғамдағы маңызы, кәсіби талаптары мен болашақтағы сұранысы жөнінде түсінік ұсынылды.
Кездесу аясында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары туралы кең көлемде ақпарат берілді. Институттағы оқу бағыттары, студенттердің жетістіктері мен түлектердің кәсіби жолы таныстырылды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Іс-шара соңында түлектерге алдағы сынақтардан сәтті өтуіне тілектер білдірілді.
Кездесуді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен мектеп әкімшілігіне және кәсіби бағдар беруші педагог Чэкова Жаркынай Жұматайқызына алғыс білдіреміз.

