Семинардың мақсаты -мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық құндылықтар қалыптастыру арқылы жан -жақты дамыту. Семинар барысында тәрбиеші -педагогтер шағын топтарға бөлініп жұмыс жасады. Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші -педагогтері ұлттық құндылықтарға байланысты көрмелер дайындап, теориялық білімді практикамен ұштастырды.
Іс -шара соңында мектепалды топтары ұйымдастырылған ашық іс -әрекеттер көрсетті. Мектепалды топ «Әріптер әлемі» тақырыбында іс -әрекет өткізді. Балалардың көңіл -күйі көтеріңкі, көрнекі құралдар педагогикалық, эстетикалық талаптарға сай болды.





