А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Кәсіби табысқа қадам: құқық пәні бойынша олимпиада қорытындылары

2026 жылғы 25 сәуірде Алматы қаласындағы Каспий университетінің базасында «Құқық» бағыты бойынша пәндік олимпиада өтті. Аталған байқауға «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері қатысып, оқу орнын жоғары деңгейде таныстырды.

Қатысушылар өздерінің терең білімін, аналитикалық ойлау қабілетін және кәсіби дамуға деген ұмтылысын көрсетті. Бұл олардың болашақ заңгерлік қызметке дайын екендіктерін айқын дәлелдейді. Олимпиадаға қатысу студенттердің академиялық және тұлғалық өсуіне оң әсерін тигізіп, тәжірибе алмасуға әрі кәсіби қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік берді.

Олимпиада қорытындысы бойынша «Құқық» бағыты бойынша қатысқан студенттер сертификаттармен марапатталды. Бұл – олардың еңбегі, табандылығы және жоғары дайындық деңгейінің лайықты бағасы.

Прокрутить вверх