А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Ұлттық кітап күніне арналған іс-шаралар қорытындыланды

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Ұлттық кітап күні аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. «Кітапханаға кітап сыйла» және «Бір институт – бір кітап» бастамалары студенттерді, профессор-оқытушылар құрамын және қызметкерлерді біріктіріп, оқуға деген қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетті.

«Бір институт – бір кітап» жобасы аясында Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойынша тестілеу өткізілді. Нәтижесінде 79 қатысушы шығарманы толық оқып, тапсырмаларды сәтті орындады. 100% нәтиже көрсеткен студенттер:

* Мамырбек Мария (ҚТ-24-01 тобы);
* Нұрсейтова Жібек Қайратқызы (ҚТ-24-01 тобы).

«Кітапханаға кітап сыйла» (буккроссинг) акциясы аясында кітапхана қоры 64 кітаппен толықты.

Акция қорытындысы бойынша келесі номинациялар иегерлері анықталды:

* «Кітапхана меценаты» – т.ғ.д., профессор Ахметов Қадыр Әбілжанұлы;
* «Жыл оқырманы» – т.ғ.к., профессор Жанпейісова Маржанай Махметовна;
* «Кітап құмар – Книголюб 2026» – т.ғ.к., профессор Макипов Асқар Советханұлы;
* «Кітапхананың электрондық ресурстарын үздік пайдаланушы» – студент Заманбек Бердәулет (ШТТ-25-01 тобы);
* «Өнерлі оқырман» – студент Амантай Дінмұхамед Серікұлы (ҚТ-24-01 тобы).

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы бойынша «Үздік топ» номинациясы ҚТ-24-01 тобына берілді (топ старостасы – Тлеутаева Асем, кураторы – ф.ғ.к., профессор Дауренбекова Лаура Ноғайбековна). Топ мүшелері кітапхана қорына 12 кітап сыйлады.

«Үздік студент-оқырман» атағы Тетеркина Вероника Александровнаға (ИЯТ-20-01 тобы) табысталды.

Аталған іс-шаралар оқу мәдениетін дамытуға, кітап оқуды насихаттауға және институттың зияткерлік ортасын нығайтуға зор үлес қосты.

Институт әкімшілігі барлық қатысушыларға белсенділігі мен мәдени-ағартушылық бастамаларға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Прокрутить вверх