А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ өкілдері республикалық форумға қатысты

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Сандыбаева Айгуль Талгатовна және Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Шынберген Нұрсұлу Маратовна «Таза Қазақстан – Таза бұлақ» республикалық форумына қатысты.

Аталған форум Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті базасында өтті. Іс-шараға еліміздің жоғары оқу орындарының өкілдері, тәрбие жұмысына жауапты құрылым басшылары, сондай-ақ қоғамдық даму және экологиялық тәрбие саласының мамандары қатысты.

Форум аясында жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, рухани-адамгершілік тәрбие және «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, тәрбие жұмысындағы тиімді тәсілдерді ортаға салды.

ЕАГИ өкілдерінің форумға қатысуы оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, институттағы тәрбие жұмысының мазмұнын жетілдіруге ықпал етеді.

Прокрутить вверх