2026 жылғы 20 мамырда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында студент жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Кездесу барысында студенттерге құқықтық тәртіпті сақтау, интернет алаяқтық пен түрлі заңбұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қатысушыларға «BAS Production» кинокомпаниясы түсірген «Мошенники 2» көркем фильмі ұсынылып, тақырыпқа қатысты арнайы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық санасын арттыруға, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы маңызды мәселелерге бейжай қарамайтын белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға ықпал етеді.

