А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты кітапханасының қорына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы келіп түсті.
Жинаққа Мемлекет басшысының 1994 жылдан бері әр жылдары айтқан таңдаулы сөздері, ой-тұжырымдары мен негізгі баяндамалары енгізілген. Кітапта мемлекеттік басқару, заң үстемдігі, әділеттілік, ұлттық бірлік, білім мен жастар саясаты, цифрландыру, ұлттық құндылықтар, экологиялық мәдениет және «Таза Қазақстан» бастамасы секілді өзекті тақырыптар қамтылған.
ЕАГИ кітапханасының қоры елдің қоғамдық-саяси дамуын тереңірек түсінуге, білім алушылардың азаматтық көзқарасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін мазмұнды басылыммен толыққанына қуаныштымыз.
Оқытушыларды, білім алушыларды және институт қызметкерлерін жаңа кітаппен танысуға және кітапханамызда оқуға шақырамыз!

