А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ РЕКТОРЫНЫҢ ГРАНТЫ – 2026: ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ!

ЕАГИ-де 2026 жылғы Ректор грантына арналған байқау нәтижесі жарияланды. Жыл сайын өткізілетін байқау игі дәстүрге айналып, талантты да талапты жастарды қолдау мақсатында өткізіліп келеді. Биыл да талапкерлер өз білімдерін сынап, грант иегері атану үшін бақ сынады.

Байқау нәтижесі бойынша жеңілдік иегерлері:

Оқу ақысына 100% жеңілдік:

* Мельникова Анастасия Ильинична — «Қаржы» білім беру бағдарламасы

Оқу ақысына 50% жеңілдік:

* Казамбаев Адильхан Валиханович — «Құқықтану» білім беру бағдарламасы
* Ғалымжан Нұрсұлу Мұратбекқызы — «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы

Оқу ақысына 25% жеңілдік:

* Серік Ақнұр Дастанқызы — «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы
* Мажит Анель Нұржанқызы — «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы
* Сайран Гулназ Айдарқызы — «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы

Байқауды өткізу аясында ЕАГИ бірнеше жылдан бері Scholarium компаниясымен ынтымақтастық орнатып келеді. Байқауды ұйымдастыруға және тестілеуді өткізуге көрсеткен қолдауы мен серіктестігі үшін Scholarium командасына шынайы алғысымызды білдіреміз.

Ректор гранты байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

Білімге деген құштарлықтарыңызды жоғалтпай, әрдайым биік мақсаттарға ұмтылыңыздар. ЕАГИ қабырғасында алған білімдеріңіз болашақ кәсіби жетістіктеріңіздің берік негізіне айналсын!

Прокрутить вверх