А.Қ. Құсайынов атындағы ғылыми-зерттеу орталығы институт студенттеріне «Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафоны аясында таныстыру дәрісін өткізді. Дәрістің негізгі мақсаты студенттерге республикалық оқу марафонының мазмұны мен міндеттерін таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және әдеби шығармаларды талдау дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында студенттерге «Өріс» әдеби клубының жұмысы таныстырылып, клубтың оқу марафоны аясындағы жоспарлары мен ұйымдастыратын іс-шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар республикалық оқу марафонына белсенді қатысуға шақырылды.
«Өріс» әдеби клубының мүшелері оқу жылы барысында марафонның бекітілген тізіміне енгізілген 15 кітапты оқып, жыл соңында оқылған шығармалар негізінде қорытынды байқау ұйымдастырады.


