А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында білім алушылардың кәсіби бағдарлануы мен дамуына бағытталған TEDx форматында түлектермен мотивациялық кездесу өтті.
Кездесуге ЕАГИ-дің «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының түлегі Диас Калкенов, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының түлегі Темірлен Мурзалы, сондай-ақ М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының магистранттары қатысты.
Спикерлер өздерінің кәсіби және білім алу жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, алғашқы қадамдары, маңызды шешімдері мен жинақтаған тәжірибелері туралы әңгімеледі. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби және тұлғалық даму бойынша практикалық кеңестер алды.
Мұндай кездесулер институт пен түлектер арасындағы байланысты нығайтып, білім алушыларға кәсіби қалыптасудың нақты үлгілерімен танысуға және алға қойған мақсаттарына сенімді қадам басуға ынталандырады. ЕАГИ қонақтарға ашық сұхбат, құнды кеңестері және тәжірибелерімен бөлісуге дайын болғандары үшін алғыс білдіреді.








