2026 жылғы 29 қыркүйекте А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының Педагогика және тарих кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қадыр Әбілжанұлы Ахметов республикалық «Хабар» телеарнасының «Өмір өрнегі» бағдарламасына қатысты.
Бағдарлама барысында профессор еліміздің белгілі тарихшы-ғалымдарымен бірге отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қатысушылар тарихи мұраны зерттеу мен сақтау, ұлттық тарихты жаңаша пайымдау және қоғамның тарихи санасын қалыптастыру мәселелеріне назар аударды.
Мұндай мазмұнды талқылаулар ғылыми білімді көпшілікке жеткізуге және Қазақстан тарихына деген қоғамдық қызығушылықты арттыруға ықпал етеді. Қадыр Ахметовтің бағдарламаға қатысуы — отандық тарих ғылымын насихаттауға және тарихи мұраның маңызын кеңінен танытуға қосқан үлесі.




