А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Цифрлық дәуірдегі кітап оқу мәдениеті: ЖИ, әлеуметтік желі және зерделі ұлт» тақырыбында әдеби-танымдық пікір алмасу кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні сауатты пайдалануға бағыт беру, әлеуметтік желілердің білім алудағы мүмкіндіктерін көрсету және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.
Кештің құрметті қонақтары «Оқитын ұлт» жобалық кеңсесінің Астана қаласы бойынша жетекшісі Жақсыбай Ералыұлы Боранбаев пен «Оқитын ұлт» жобалық кеңсесінің сарапшы-консультанты Мусиналина Бұлбұл Окасовна болды. Іс-шараның ашылуында А. Т. Сандыбаева, Л. Н. Дәуренбекова және С. А. Ескалиев құттықтау сөз сөйледі.
Кездесу барысында қатысушылар кітап оқудың тұлғалық дамудағы маңызы, цифрлық ортадағы оқу мәдениеті және заманауи технологияларды білім алу мақсатында пайдалану мәселелері жөнінде пікір алмасты. «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында оқылған басылымдарға шолу жасалып, олардың мазмұны талқыланды. Сондай-ақ қатысушыларға арналған викторина мен сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында өткен кітап жәрмеңкесіне «Қасым» және «Отбасы хрестоматиясы» баспалары қатысып, оқырмандарға өз басылымдарын ұсынды.
Кеш соңында белсенді студенттер мен қонақтарға сый-сияпат табысталды. Әдеби-танымдық кездесу жастардың кітапқа қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтар мен цифрлық мүмкіндіктерді ұштастыруға бағытталды.










