2026 жылғы 16 қазанда «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Ибрагимова Ляззат Еркеновна А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының кафедра филиалының қызметі аясында банк базасында «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Банк ісі» пәні бойынша оқу сабағын өткізді.
Мұндай сабақтар болашақ қаржыгерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал етеді, нақты банк процестерін зерделеу барысында теориялық білімдерін қолдануға мүмкіндік береді және алдағы кәсіби қызметіне қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасайды.
