А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

«Республика күні – егемен Қазақстанның шежіресі» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді

2026 жылғы 23 қазанда Республика күні қарсаңында заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, ЮР-25-01 академиялық тобының кураторы Г. А. Канафина «Республика күні – егемен Қазақстанның шежіресі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің Республика күнінің тарихы мен маңызы туралы білімдерін кеңейту, патриотизмге, азаматтық жауапкершілікке, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Іс-шара барысында студенттер мерекенің тарихымен танысып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының негізгі кезеңдерін, мемлекеттік егемендіктің, халық бірлігінің және ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңызын талқылады.

Кураторлық сағат студенттердің патриоттық сезімдерін нығайтуға, ел тарихына құрметпен қарауын қалыптастыруға және әрбір азаматтың Қазақстан Республикасының болашағы алдындағы жеке жауапкершілігін сезінуіне ықпал етті.

Прокрутить вверх