А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ студенттері алғаш рет ENACTUS Kazakhstan Business Collaboration Forum 2026 форумына қатысты

2026 жылғы 23 қазанда Астана қаласындағы Radisson Hotel Astana қонақүйінде жас кәсіпкерлерді, бизнес сарапшыларын және студенттік қоғамдастық өкілдерін біріктірген ENACTUS Kazakhstan Business Collaboration Forum 2026 форумы өтті.

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері форумға алғаш рет қатысып, өз жобалары мен кәсіпкерлік идеяларын таныстырды.

Іс-шара аясында қатысушылар Project Market көрмесінде жастардың бизнес бастамаларымен танысып, кәсіпкерлікке, көшбасшылыққа, командалық жұмысқа және стартаптарды дамытуға арналған интерактивті сессиялар мен тақырыптық алаңдарға қатысты.

Форум студенттерге тәжірибе алмасуға, сарапшылардан ұсыныстар алуға, жаңа байланыстар орнатуға және бизнес саласындағы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

ENACTUS Kazakhstan Business Collaboration Forum 2026 форумына қатысу ЕАГИ студенттері үшін маңызды тәжірибеге айналып, олардың кәсіпкерлік әлеуеті мен өз жобаларын жүзеге асыруға қажетті практикалық дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Прокрутить вверх