ИЯ 23-01 тобының студенттері Дарья Панченко мен Юлия Литвина жас зерттеушілердің халықаралық ғылыми жұмыстар байқауында І орын иеленіп, жеңімпаз атанды.
Аталған беделді ғылыми байқауды ұйымдастырушылар қатарында жетекші лингвистикалық жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтары бар:
* Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті;
* Дискурстың социокогнитивтік зерттеулер орталығы (СКоДис);
* Беларусь мемлекеттік шет тілдер университеті.
Педагогика ғылымдарының магистрі, доцент А. М. Сәрсенованың жетекшілігімен студенттер терең білімдері мен ғылыми әлеуетін танытып, ұсынған жұмыстары халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Дарья мен Юлияны лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Ғылым жолында толағай табыс, шығармашылық шабыт пен жаңа белестер тілейміз!

