А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының шығармашылық және спорттық командалары Астана қаласының жоғары оқу орындарының студенттерін біріктірген «JASTAR JALYNY–2026» жастардың шығармашылық-спорттық фестиваліне қатысты.
ЕАГИ фестивальдің бірнеше номинациясы мен бағыты бойынша өнер көрсетті. Атап айтқанда, киберспорт, футзал, волейбол, шахмат және үстел теннисі бойынша институт командасы; заманауи би бағыты бойынша «Black Mamba» заманауи би тобы; ұлттық музыкалық аспаптар бағыты бойынша «Күмбірле» ұлттық аспаптар ансамблі қатысты.
Фестиваль қорытындысы бойынша ЕАГИ өкілдері екі шығармашылық номинацияда жүлделі орындарға ие болды:
— «Вокал» номинациясы бойынша ЕАГИ студенті Базарбай Қарақат II орын иеленді.
— «Ұлттық би (халық биі)» номинациясы бойынша «Аяла» халық би ансамблі III орынға ие болды.
Өз өнерлерін ортаға салған Қарақат пен «Аяла» ансамблінің қатысушылары орындаушылық шеберліктерін, сахна мәдениеті мен өнер көрсету мәнерінің ерекшелігін танытты.
Қарақат пен «Аяла» ансамблін лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жарқын өнер көрсетілімдері мен жаңа жеңістер тілейміз!














