А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «EuroMix» командасы Астана қаласының Жайдарман біріншілігінің финалында жүлделі III орынға ие болды. Бұл жетістік Халықаралық студенттер күнінде ЕАГИ ұжымының мерейін көтерді.
Финалда команда «Сәлемдесу» және «Үй тапсырмасы» сайыстарында өнер көрсетті. Ойынға дайындық барысында студенттер әзілдерін бірге жазып, әр көріністі сахнаға лайықтап пысықтады.
«EuroMix» командасын жүлделі III орнымен шын жүректен құттықтаймыз! Жайдарманшыларымызға ұтымды әзіл, көрерменнің ыстық ықыласы мен жаңа жеңістер тілейміз. Командаға қолдау көрсетіп, жанкүйер болған баршаңызға рақмет!



