2026 жылғы 20 қарашада «Құсайынов оқулары» аясында және «Инклюзивті ортаны қалыптастырудағы педагогтердің рөлі: даярлау және қолдау» атты бастамашыл жоба шеңберінде А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты (ЕАГИ) мен Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті (РУДН) арасында халықаралық телемост өтті.
Жастар секциясының жұмысына Педагогика және тарих кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты. «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының студенті (ППТ-24-01 тобы) Алуа Советова ғылыми жетекшісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Т. А. Абдрашитованың жетекшілігімен «Жасанды интеллект көпір ретінде: цифрлық қолжетімділіктен инклюзивті білім беру сапасына дейін» тақырыбында баяндама жасады.
Пікірталасқа әлемнің 19 елінен 500-ге жуық жас зерттеуші қатысты. Қатысушылар жоғары білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізу мүмкіндіктерін талқылады.




