2026 жылғы 24 қарашада А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа шындық жағдайындағы Қазақстан: өзгерістер дәуіріндегі жастар» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өтті.
Президенттік орталықтың жетекші ғылыми қызметкері Н. К. Мусина екі дәріс оқыды. Бірінші дәріс «Әділетті Қазақстан» саяси бағдары аясындағы институционалдық реформалар мен жаңа қоғамдық этика мәселелеріне арналды. Екінші дәрісте жастардың елді жаңғыртудағы рөлі, олардың қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктері және азаматтық жауапкершілік мәселелері қарастырылды.
Семинардың практикалық бөлімін Президенттік орталықтың аға сарапшысы К. А. Умбетова жүргізді. Қатысушылар топтық тапсырмаларды орындап, командалық ойынға қатысып, жобалармен жұмыс істеді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.










