2023 жылғы 10 мамырда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының оқытушысы э.ғ.к., доцент А.А. Ахметова «Экономика, кәсіпкерлік негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» пәні бойынша ЮР-22-01 академиялық тобында (1 курс, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы) «Қазақстан Республикасындағы криптовалюта: оң және теріс жақтары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: криптовалютаның мәнін, оның Қазақстанда жұмыс істеу ерекшеліктерін ашу. Сабақ пікірталас түрінде өтті. Студенттер дайындалды, белсенділік танытып, сұрақтар қойды.