Еуразия гуманитарлық институтының студенттері елордада а. ж. 10-17 қараша аралығында өткен «Жастар Жалыны» дарынды жастар фестиваліне белсене қатысты. 18 қарашада фестивальдің жабылу салтанаты өтті, онда ЕАГИ-ді ЖІК төрағасы А. Әбілдина мен студенттік өзін-өзі басқару жетекшілері ұсынды. Фестиваль қорытындысы бойынша біздің институттың «EDC» би командасы «Заманауи би» номинациясында 2-орын алды.







