А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты


Мемлекеттік білім беру грантын иеленбеген талапкерлер оқу ақысын мемлекет кепілдігімен берілетін білім беру кредиті арқылы төлей алады. Білім беру кредиті Қазақстандағы колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алу үшін ұсынылады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2005 жылдан бастап «Қаржы орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы атынан екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредиттері бойынша кепілгер ретінде қызмет атқарады. Білім беру кредиттері «Қаржы орталығы» АҚ-ның кепілдігімен беріледі, ал кредиттерді тікелей Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ұсынады.

 

Негізгі шарттары:

  • білім беру кредиті«Қаржы орталығы» АҚ-ның кепілдігімен кепілсіз беріледі;
  • кепілдік мөлшері– негізгі қарыз сомасының 50%-дан 100%-ға дейін, ол студенттің оқу үлгеріміне байланысты белгіленеді;
  • білім беру деңгейлері– жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • сыйақы мөлшерлемесі– жылдық 20%;
  • жеңілдікті кезең– негізгі қарызды өтеу бойынша кейінге қалдыру қарастырылған. Негізгі қарызды өтеу оқу аяқталғаннан кейін және оқу бітіргеннен соң 6 ай өткеннен кейін басталады;
  • кредит сомасы– оқу құнына тең;
  • кредитті ресімдеу– студенттің атына кредиттік желі ашылады, оның шеңберінде кредит транштармен беріледі. Бір транштың мөлшері бір семестрдің немесе бір оқу жылының оқу ақысына тең.

Қоғамның кепілдігімен кредит беретін екінші деңгейдегі банк – «Нұрбанк» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасалған.

Статистикалық мәліметтер:

  • берілген кепілдіктер саны– 7 287;
  • кепілдендірілген қаражат көлемі– 1,9 млрд теңге;
  • берілген кредиттердің жалпы сомасы– 2,0 млрд теңге.

 

Білім беру кредиттері туралы толық ақпаратты «Қаржы орталығы» АҚ-нан келесі байланыс деректері арқылы ала аласыз:

  • Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы
  • Call Center:8 (800) 080-28-28 (қоңырау шалу тегін), 8 (7172) 695-127
  • Веб-сайт:kz 
Қазіргі уақытта білім беру кредиттеріне кепілдік беру жүйесіне келесі екінші деңгейдегі банк қатысады: «Нұрбанк» АҚ.

 

Қарыз алушылар үшін артықшылықтары
 
  1. Кредит талапкердің немесе студенттің өз атына рәсімделеді, яғни оқу ақысын төлеу жауапкершілігі ата-анасынан талапкердің немесе студенттің өзіне ауысады.
  2. Білім берудің барлық деңгейлеріне беріледі: колледж, бакалавриат, магистратура және докторантура.
  3. Оқытудың барлық нысандарына қолданылады: күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтан және басқа да оқу түрлері.
  4. Сыйақы мөлшерлемесі нарықтық мөлшерлемелерден едәуір төмен.
  5. Кредит ұзақ мерзімге беріледі.
  6. Студент оқуын аяқтағанға дейін және оқу бітіргеннен кейін тағы 6 айбойы негізгі қарызды өтеу кейінге қалдырылады.
  7. Кепілсіз рәсімделеді.
  8. Кредит сомасы тек оқу құнымен ғана шектеледі.
  9. Кредит қаражаты оқу орнының есепшотына әр семестр немесе оқу жылы үшін қажеттілігіне қарай аударылады.
  10. Кредит серіктес банктер арқылы беріледі және оны Қазақстанның барлық ірі қалаларында рәсімдеуге болады.
Білім беру кредитін рәсімдеу үшін қажетті құжаттар

Қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:

  1. Жеке куәлік.
  2. Талапкерлер үшін нотариалды куәландырылған ҰБТ сертификатының көшірмесі немесе студенттер үшін соңғы емтихан сессиясының транскрипті.
  3. Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт немесе оқу кезеңінің құны көрсетілген төлем шоты.
  4. Егер қарыз алушының жасы 18-ге толмағанболса, ата-анасының (немесе заңды қамқоршысының) нотариалды куәландырылған келісімі, сондай-ақ банк талап еткен жағдайда өзге де құжаттар.
Қоса қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:

  1. Жеке куәлік.
  2. Жұмыс орнынан анықтама.
  3. Зейнетақы аударымдары туралы мәлімет.
  4. Жалақыны растайтын құжаттар.
  5. Банктің талабы бойынша өзге де құжаттар.


Прокрутить вверх