2021 жылдың 16 қыркүйегінде экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді, онда Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды. Отырыс модераторлары ретінде кафедра оқытушылары: доцент Б.Б. Мажитова және аға оқытушы Ж.Д. Даулетханова сөз сөйледі. Дөңгелек үстел жұмысына «Қаржы» білім беру бағдарламасының 1-3 курс студенттері: Ф. Рузматова, А. Серикпаева, М. Малютина, Г. Абдибекова, Г. Сайлауова және т.б. қатысты. Кездесуге қатысушылар өз сөздерінде Президенттің Қазақстан халқына үндеуінде айтылған ұстанымын қолдады.