Алтын медальмен, куәлікпен, бірінші дәрежелі дипломмен, алғыс хаттармен, сондай-ақ оның өмірбаяны жарияланған «Алтын кітап» республикалық Үздік жастар жинағымен марапатталған.
Сонымен қатар, Рүстем жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған республикалық жобаға қатысты. «Үздік студенттер академиясының мүшесі» белгісімен, республикалық деңгейдегі дипломмен, сондай-ақ алғыс хаттармен марапатталған.
Бұл жобалар еліміздің мүддесі үшін білім беру, ғылымдағы инновациялық идеяларды, студенттердің игі бастамаларын ынталандыру мен дамытуға ықпал етеді. Рүстем, құттықтаймыз! Біз сені мақтан тұтамыз!









