Әңгіме барысында екі жақта кездесудің мазмұнына шынайы қызығушылық танытты. Еркін жағдайда Жандарбек Малибеков Елтаңбаның өмірге келу тарихын айтып шықты. Ал студенттер, өз кезегінде, белгілі тұлғамен өздерінің оқудағы, қоғамдық өмірдегі жетістіктерімен құмарлана бөлісіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Кездесу барысында Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков сөз алды. Ол Мемлекеттiк Елтаңбаның жасалу тарихы туралы әңгiмелеп, оның композициялық құрылымының мәнiн арнаулы видео көрініс пен презентациялар арқылы толық әңгімелеп, сипаттап берді. «Тәуелсіздік – біздің еліміздің ең қасиетті құндылығы. Бүгінде біз жас әрі егемен елміз. Біздің басты мақсатымыз бен басымдығымыз елімізді дамытып, бейбіт өмірді сақтап, халықтар достығын шынайы жүзеге асыру. Бізге өз тіліміз бен салт-дәстүрімізді дамыту қажет», – деді Ж. Мәлібеков. Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні ретінде тарихымызға қалды.
[bvi text="Версия для слабовидящих"]



