ИЯ-19-01 тобының студенттері Смаилов Айтөре мен Есбергенова Самал студенттерді Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауының мазмұнымен таныстырды. Топ белсенділері Мемлекет басшысының «Заман талабына сай тиімді мемлекет», «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Қуатты өңірлер – қуатты ел» және т.б. сияқты негізгі тармақтары туралы айтты. Топ студенттері мен куратор Президенттің Жолдауы барлық азаматтарға қойылған мақсаттарды мақсатты түрде жүзеге асыруда жаңа серпін береді деген түйін жасады.
[bvi text="Версия для слабовидящих"]







