А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Ректордың блогы

Ректорға сұрақ қою

blog

Сұрақ-жауап

Әр студент институттың дамуына өз үлесін қоса алады. Ол үшін бастамашыл болу, ғылыми, шығармашылық, спорттық және қоғамдық іс-шараларға, студенттік ұйымдардың жұмысына және еріктілер жобаларына қатысу маңызды. Біз әрқашан студенттердің сындарлы ұсыныстарын қолдауға және білім беру ортасын жақсартуға бағытталған жаңа идеяларды қарастыруға дайынбыз.

Ең алдымен, қиындықты жалғыз шешуге тырыспау керек. Сіз куратордың, эдвайзердің, кафедра меңгерушісінің, деканның немесе институт әкімшілігінің көмегіне жүгіне аласыз. Сонымен қатар, институтта сенім телефоны жұмыс істейді (+7 700 757 50 79), туындаған жағдай туралы жасырын түрде хабарлауға және қажетті көмек алуға болады. Сондай-ақ, ресми сайтта ректордың блогы жұмыс істейді, студенттер өз сұрақтарын, ұсыныстары мен өтініштерін жібере алады. Біз үшін әрбір студенттің қолдауды сезініп, үні ескерусіз қалмайтынына сенімді болуы маңызды.

Институт сапалы білім берумен қатар студенттердің жан-жақты дамуына, кәсіби және жеке құзыреттіліктерін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Ғылыми және зерттеу дағдыларын дамыту

Студенттердің ғылыми конференцияларға, пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобалар конкурсына, дөңгелек үстел жұмысына және зерттеу қызметіне қатыса алады. Бұл аналитикалық ойлау, ақпаратпен жұмыс істеу, көпшілік алдында сөйлеу мен ғылыми ізденіс дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Кәсіби құзыреттерді қалыптастыру

Жұмыс орнында теориялық білімін іс жүзінде қолдануға, алғашқы кәсіби тәжірибе жинауға, жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге және болашақ мансапқа дайындалуға мүмкіндік беретін кәсіби тәжірибеден өтуге ерекше назар аударылады.

Шығармашылық қабілеттер мен көшбасшылық қасиеттерді дамыту

Білім алушылар мәдени-бұқаралық іс-шараларға, фестивальдерге, шығармашылық байқауларға және студенттік бастамаларға қатысып, өздерінің таланттарын, шығармашылығы мен ұйымдастырушылық қабілеттерін ашады. Толығырақ ақпаратпен институт сайтында танысуға болады. https://egi.edu.kz/ru_ru/students/students-kdm/.

Қоғамдық белсенділік пен азаматтық жауапкершілікті дамыту

Студенттер еріктілер жобаларына, қайырымдылық акцияларына және әлеуметтік бастамаларға қатысады, бұл қоғамдық жауапкершілікті, топтық жұмысты және белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға ықпал етеді.

Көшбасшылық пен басқару дағдыларын дамыту

Студенттік өзін-өзі басқару қызметіне қатысу арқылы білім алушылар шешім қабылдау, іс-шараларды ұйымдастыру, командалық өзара іс-қимыл жасау және өз жобаларын іске асыру тәжірибесін алады. Институттың өз Студенттік парламенті бар https://egi.edu.kz/ru_ru/students/students-stdparlm/Парламент мүшесі атанып, өз идеяларыңызды насихаттауға болады.

Спорттық дағдылар мен салауатты өмір салты мәдениетін дамыту

Институт студенттердің спорттық жарыстарға, спорттық-бұқаралық іс-шараларға және денсаулықты нығайтуға, командалық рухты дамытуға бағытталған бастамаларға қатысуын қолдайды.

Институт жұмыс берушілермен және серіктес ұйымдармен тығыз жұмыс істейді. Студенттер практиканың барлық түрін өтеді және әрдайым жұмыс берушілермен кездесулерге, кәсіби семинарлар мен шеберлік сыныптарына қатысады. Дуалды оқытудың дамуы да үлкен мәнге ие, бұл теориялық білім алуды мамандық бойынша практикалық қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде студенттер оқу кезеңінде кәсіби тәжірибе жинақтайды және олардың көбіне оқу аяқталмай тұрып жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар түседі.

Ең алдымен, білімді сапалы игеру және кәсіби дағдыларды қалыптастыру. Тек сабақпен шектеліп қана қоймай, институт өміріне белсенді қатысу, коммуникативтік қабілеттерін, цифрлық құзыреттіліктерін және өз өмірін ұйымдастыру дағдыларын дамыту маңызды. Студент өзінің кәсіби дамуын неғұрлым ертерек бастаса, болашақта оның алдынан мүмкіндіктер көбірек ашылады.

Ең жиі кездесетін қателік – маңызды тапсырмаларды кейінге қалдыру. Сондай-ақ, кейбір студенттер практиканың, ғылыми жұмыстармен айналысудың және институттың қоғамдық өміріне қатысудың маңыздылығын бағаламайды. Оқуда нәтижеге жету үшін жауапты, тәртіпті болу және уақытты дұрыс жоспарлай білу керек.

Сіз сабақтан тыс уақытта жұмыс істеп, еңбек қызметін оқумен қатар алып жүре аласыз. Алайда институтта сабақтарға еркін қатысу қарастырылмаған. Сабаққа қатысу білім алушының басты міндеті болып табылады және бекітілген сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Сондықтан жұмысқа орналасу туралы шешім қабылдар кезде оқу жүктемесін ескеріп, сапалы білім алуды бірінші орынға қою керек.

Бүгінде жұмыс берушілер жас мамандардан сапалы кәсіби дайындықпен қатар, әмбебап дағдылардың да жоғары деңгейде қалыптасуын күтеді. Олардың қатарында жауапкершілік, бастамашылдық, ортамен тез тіл табыса білу, командада тиімді жұмыс істеу, жаңа білімді жылдам меңгеру және еңбек нарығының заманауи талаптарына бейімделу қабілеті бар. Сонымен қатар тәртіп, дербестік, үздіксіз дамуға ұмтылыс және алған білімін тәжірибеде тиімді қолдана білу сияқты қасиеттер де ерекше маңызға ие.

Институт түлектерінің даярлық деңгейі жұмыс берушілер тарапынан жоғары бағаланады. Мықты теориялық білімнің, тәжірибеге бағдарланған оқытудың және студенттердің кәсіби қызметке белсенді араласуының нәтижесінде көптеген білім алушылар кәсіби практикадан өту барысында-ақ жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар алады. Бұл институт түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие екеніндігін және олардың заманауи кәсіби ортадағы міндеттерді тиімді шешуге дайындығын көрсетеді.

Студенттердің пікірі институт әкімшілігі үшін үлкен мәнге ие және білім беру ортасын басқару мен дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Институтта басшылықтың студенттермен кездесулері тұрақты өткізіліп, кері байланыстың түрлі арналары арқылы келіп түсетін ұсыныстар, бастамалар мен өтініштер қарастырылады.

Сонымен қатар студенттердің институт өміріне қатысуы тек пікір білдірумен ғана шектелмей, олар институт деңгейіндегі шешімдерді қабылдау үдерістеріне белсенді түрде тартылады. Студенттердің өкілдері Ғылыми кеңестің, Оқу-әдістемелік кеңестің, сондай-ақ білім беру бағдарламалары бойынша Академиялық кеңестердің құрамына кіреді. Өз қызметі аясында олар дауыс беру құқығына ие болып, маңызды мәселелерді талқылауға қатысады, білім беру үдерісін, студенттік өмірді және оқу жағдайларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар енгізеді.

Студент өкілдер білім алушылардың атынан олардың өзекті мәселелері мен қажеттіліктерін, сондай-ақ бастамаларын институт басшылығына ұсынады. Мұндай әрекеттесу форматы студенттердің пікірін ескере отырып шешім қабылдауға және білім алушылардың сұранысына икемделген ашық әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгінде көптеген студенттік бастамалар қолдау тауып, институттың білім беру, ғылым, әлеуметтік және қоғамдық өмірінде табысты жүзеге асырылуда.

Институтта студенттерге арналған психологиялық және консультациялық қолдау жүйесі жұмыс істейді https://egi.edu.kz/ru_ru/students/students-phyhol/Білім алушыларға психологиялық көмек көрсету мақсатында екі білікті маманнан тұратын психологиялық қызмет бар. Студенттер жеке кеңес алу үшін институттың ресми сайты арқылы қабылдауға жазылып немесе сенім телефонына (+7 700 757 5079) хабарласып, психологтарға жүгіне алады, Мамандар оқу үдерісіне байланысты қиындықтарды, жеке және эмоционалдық мәселелерді, сондай-ақ жаңа ортаға бейімделу барысында туындайтын түрлі жағдайларды шешуге қолдау көрсетеді. Институттың басты мақсаты – әрбір студенттің өзін қауіпсіз әрі сенімді ортада сезінуіне жағдай жасау. Сондықтан қандай да бір күрделі жағдайда білім алушылар қажетті қолдау мен көмексіз қалмайды.

Прокрутить вверх