А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ-де өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өткізілді

12 желтоқсан күні А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлардың табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттарында жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар институт қауымдастығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған практикалық машықтарды дамыту.
Оқу-жаттығу барысында қызметкерлер мен студенттер эвакуацияның нақты алгоритмін пысықтап, шартты түрде зардап шеккендерді құтқару әрекеттерін орындады. Эвакуация қысқа уақыт ішінде ұйымдасқан түрде жүргізіліп, оқу-жаттығудың барлық кезеңдері талапқа сай өтті.
Мұндай іс-шаралар ЕАГИ студенттері мен қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезінде дұрыс шешім қабылдау қабілетін арттыруға, қауіпті жағдайларда өз-өзін ұстау мәдениетін қалыптастыруға және қауіп-қатерді төмендетуге мүмкіндік береді. Институтта қауіпсіздік мәселесі басты назарда болып, жүйелі түрде тәжірибелік оқу-жаттығулар өткізіліп келеді.
Прокрутить вверх